Новости сайта

Moodle бойынша ең үздік контент қашықтықтан -сапалы білім беру құралы

 
Изображение пользователя Наталья Ахметжанова
Moodle бойынша ең үздік контент қашықтықтан -сапалы білім беру құралы
от Наталья Ахметжанова - Вторник, 23 Май 2017, 16:20
 

2017 жылдың мамыр айының 18 жұлдызы күні университетімізде «Электрондық университет е-Shakarim» Орталығының ұйымдастыруымен « Moodle жүйесіндегі ең үздік контент» сайысы өтті.

Сайыстың басты мақсаты Moodle жүйесіндегі ең үздік контентті анықтау сонымен қатар оқытушылардың біліктілігін арттыру және қашықтықтан білім беру технологиясын дамыту.

Сайысқа әр факультеттен ең үздік деген 8 оқытушы қатысты, сайыс барысы 4 кезеңнен тұрды. Сайыс өте тартысты да қызықты өтті.Әр оқытушы білімің және біліктілікті  көрсете отыра, өздерінің контенттерін жоғары деңгейде қорғап шықты.

Сайыс барысы бойынша ең үздік контент, гран-при иегері Ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультетінің “Ақпараттық жүйелер” кафедрасының  аға оқытушысы Устинова Т.А, 1 орын иегері болып  Инженерлік технология факультетінің “Механика және машина жасау тенологиясы ” кафедрасының аға оқытушысы  Шахова С.С, 2 орын иегері Жаратылыстану және математика факультетінің “Информатика және ақпараттық технологиялар” кафедрасының оқытушысы  Сембаев Т.М, 3 орын иегері Тарих және педогогика  факультетінің “Психология”  кафедрасының оқытушысы Кожабекова Ж.Е  марапатталды. Сайысты Шәкәрім атындағы ғылым және коммерцализация жөніндегі проректор Сандип Шарма және педагогикалық институтың директоры Марат Орынтайұлы кортындылап, «Электрондық университет e-Shakarim» Орталығының жетекшісі Берикханова  Г.Е. тұжырымдап, салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қатысқан мұғалімдердің барлығы алғыс хатпен, жүлдегерлер құңды сыйлықтармен марапатталды.