Новости сайта

Ашық есік күні

 
Изображение пользователя Толеубаева Жансая Толеубаевна
Ашық есік күні
от Толеубаева Жансая Толеубаевна - Четверг, 20 Апрель 2017, 08:47
 

Сәуір айының 14 жұлдызында Экономика және құқық факультетінің ұйымдастыруымен Семей қаласының Қаржы және экономика колледжіне арналған «Ашық есік күні»  өткізілді. Бұл іс шарада Менеджмент кафедрасының меңгерушісі Койчубаев А.С  колледж түлектеріне факультет бойынша мамандықтарды түсінідіріп айтып өтті, Электрондық университет е-Shakarim мамандары Төлеубаева Жансая және Ахметжанова Наталья «Қашықтықтан оқыту» туралы студенттерге қысқаша мәлімет беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Колледж студенттеріне буклеттер таратлып, анкеталар толтырылды. Көптеген студенттер қашықтықтан оқыту және академиялық ұтқырлық туралы сұрақтар қойып, іс-шараға белсене араласа отырды.