Новости сайта

ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ

 
Изображение пользователя Тілеген Серікұлы
ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ
от Тілеген Серікұлы - Понедельник, 10 Апрель 2017, 11:06
 

Студенттердің сапалы білім алуын басымдық ететін Шәкәрім Университеті студенттерді жұмысқа орналастыру жағдайын да әрдайым қадағалап отырады. Сондай іс-шаралардың бірі 31 наурыз күні университетіміздің №3 ғимаратында ұйымдастырылды. «Бос орындар жәрмеңкесіне» өз болашағын ойластырып жүрген 2017 жыл түлектері барынша қатысып, белсенділік танытты. «e-Shakarim Электронды университеті» мамандары іс-шараға қатысып, болашақ бітіруші студенттерге, іс-шара қонақтарына Орталық жайлы, қашықтықтан білім беру технологиясы жайлы, оның тиіміділігі мен ыңғайлылығы жайлы пайдалы ақпарат беріп, буклеттерін таратты. Студенттер арасында екінші жоғары білім алам деушілер өз сұрақтарын қойып, қызығушылық танытқандары айқын көрінді.